Германия канцлері Ангела Меркель Беларусь оппозиционері әрі президенттікке үміткер Светлана Тихановскаямен 6 қазанда жүздесіп, Беларусьтағы жағдайды талқыламақ. Бұл туралы Германияның министрлер кабинетінің өкілі Ульрике Деммер мәлім етті.
Алайда оның айтуынша, баспасөз мәслихаты ұйымдастырылмайды. Еске сала кетсек, бұған дейін канцлер ресейлік оппозиционер Алексей Навальныймен кездескен болатын.
9 тамызда өткен президенттік сайлаудан кейін Беларусьта жаппай ереуілдер жайлады. Саяси додада Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, жеңіске жеткен еді. Бірақ оппозиция өкілдері сайлау әділ өтпеді деп, оны қайтадан өткізуді талап етіп отыр. Бас көтерулер кезінде жүздеген адам жарақат алды, оның 130-ы – құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Жергілікті биліктің айтуынша, қақтығыс барысында 3 ереуілші қаза тапқан.
23 қыркүйекте Лукашенконың инаугурациясы жасырын түрде өткен болатын. Осы жайт халықтың наразылығын тудырып, дүмпулер басталды. Бірақ бұл жолы да құқық қорғаушылар түрлі әдістер қолданып, ереуілшілерді тарқатып жіберді.
Табиғат Нұрболат