Меркель Трампқа Еуропа өз тағдырын өзі шешетінін айтты

979

Меркель Трампқа Еуропа өз тағдырын өзі шешетінін айтты

Германия канцлері Ангела Меркель Еуропаның тағдыры еуропалықтардың қолында деп мәлімдеді.

"Меніңше Еуропаның тағдыры еуропалықтардың өз қолында тұр", – деп мәлім етті ол Берлинде өткен баспасөз жиынында.
Бұл мәлімдемені ол АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың  болжамына қатысты пікір білдіруді өтінген тілшілер алдында  айтқан болатын.  Айта кетейік, Дональд Трамп герман және британ газеттеріне берген сұхбтында Еуроодақтың құлауы мүмкін екенін болжаған.

Дональд Трамп сонымен қатар Ангела Меркельді жақсы танымайтынын және оның босқындарға қатысты саясатын  "апатты қателік" деп атады.
Осыған орай ФРГ канцлері "Өзімнің жеке басым АҚШ президентінің ұлықталуын  күтіп отырмын. Осыдан соң біз онымен барлық деңгейде жұмыс жасайтын боламыз" деп салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу