Меркі қант зауыты 17 мың тонна қант өндіруді жоспарлауда

2151

Зауыт қазан айының басында жаңа түсімнің қант қызылшасын қайта өңдеу үшін іске қосылған болатын.

Меркі қант зауыты 17 мың тонна қант өндіруді жоспарлауда

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі тоғыз айда 102%-ды құрағанын, оның ішінде өсімдік шаруашылығында — 100,5%, мал шаруашылығында — 104,0% айтты, деп хабарлайды primeminister.kz. 

"Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 4%-ға ұлғайды. Жануарлардың негізгі түрлерінің мал басы орта есеппен 5,3%-ға және ет өндірісі – 4,3%-ға, сүт – 3,3%-ға өсті. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі аталған кезеңде 3,3%-ға артты", — деді Арман Евниев.

Сонымен бірге, осы жылдың қазан айының бірінші жартысында жаңа түсімнің қант қызылшасын қайта өңдеу үшін Меркі қант зауыты іске қосылды. Бұл ретте жылдың соңына дейін шамамен 17 мың тонна қант өндіруді жоспарлауда. Тараз қант зауыты биылғы жылғы қараша айында шикізат жеткізушілерден келісімшарт негізінде төлеу мерзімін ұзарту арқылы шикі құрақ қантын баж салығынсыз жеткізуді жоспарлауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу