Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде үлкендердің қарауынсыз қалған үш бала газдан уланып көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Анасы баларын үйге қалдырып кеткен. Қайтып келгенде үйден газдың исін сезген.
– 19 сәуірде Меркі аудандық ауруханасына көмірқышқыл газына уланған үш жасөспірім Рамазанова Басти (2017 ж. т.), Дилана (2019 ж. т.) және Анджелина (2021 ж. т.) жеткізілді. Өкінішке қарай, балалар ес-түссіз, есін жимаған күйде көз жұмды, – делінген Меркі ауданы әкімдігі хабарламасында. ⠀
Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.