"Меркі – Бурылбайтал" тасжолы жыл соңына дейін ашылады

924

"Оңтүстік-Солтүстік" дәлізінің маңызды бөлігінде құрылыс қызу жүріп жатыр.  

"Меркі – Бурылбайтал" тасжолы жыл соңына дейін ашылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбековпен бірге республикалық маңызға ие "Меркі – Бурылбайтал" жолын қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты.

Жоба өңірдің көліктік әлеуетін арттырып, қазақстандықтарға Балқаш көлі курорттық аймағының жағалауына еш кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. Ұзындығы 266 шақырымды құрайтын автомобиль жолы Тәтті, Шу және Бірлік елді мекендерін айналып өтеді.

"Қайта жаңартудан өткен соң Меркі елді мекені мен Шу аралығында жатқан жолдың 86 шақырымдық учаскесі 4 жолағы бар І техникалық санаттағы жолға сай болады. Ұзындығы 176 шақырымды құрайтын Шу қаласы айналма жолынан Бурылбайтал елді мекеніне дейінгі жол учаскесі 2 жолағы бар ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендірілмек. Бұдан бөлек, жоба 6 көпірдің, теміржол арқылы өтетін 3 жол өтпесінің, жарықтандырылатын 11 жол айырығының, 276 құбырдың, демалыс алаңдарының, сондай-ақ, елді мекендердің маңында орнатылатын автопавильондардың құрылысын қарастырады" , - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Құрылыс жұмыстары басталғалы жолшылар топырақтың 4,1 млн текше метрін тегісте, жолдың 112 шақырымын төсеме қабатпен жапқан. Сондай-ақ, 109 шақырымында жол негіздемесінің төменгі қабатын, 105 шақырымында жол негіздемесінің жоғарғы қабатын, 101 шақырымында жол жабындысының төменгі қабатын төсеген көрінеді.

"Жол учаскесіндегі жұмыстарға 641техника жұмылдырылып, 1300-ден астам адам тартылған. Құрылыс жұмыстарын "Синьсин" және "АБК Автодор НС" компаниялары жүргізіп жатыр. Сапаны бақылауды "Аркада KZ" және "Сапа СЗ" ЖШС жүзеге асыруда. Министр жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды жүктеді. Жыл соңына дейін жолдың толық бойында қозғалысты ашу жоспарланған", - де жазылған ресми ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу