Меркі қант зауыты 177 шаруа қожалығына 1 миллиард теңгеден астам қарыз

2308

Ашуға булыққан шаруалар зауыт маңына жиналып, өздеріне тиесілі ақшаны талап етті.

Меркі қант зауыты 177 шаруа қожалығына 1 миллиард теңгеден астам қарыз

Жамбыл облысында қант қызылшасын өсіретін шаруалар ақшаларын әлі күнге дейін ала алмай жүр, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті Меркі қант зауыты 177 шаруа қожалығына 1 миллиард теңгеден астам қарыз. Келісімшарт бойынша бұл қаражат 90 күн ішінде төленуге тиіс. Алайда қазірдің өзінде 50-ден астам диқанның ақша алатын мерзімі белгіленген уақыттан асып кеткен.

Ашуға булыққан шаруалар зауыт маңына жиналып, өздеріне тиесілі ақшаны талап етті.

"Бүгінгі күнге барлық қант зауыты бүкіл қант қызылшасын өңдеп, қазір 15 қаңтардан бастап консервацияда тұр. Сататын ең бірінші нарық жоқ. Зауыт енді төмен бағада сата алмайды ғой. Өздері өндірген өнімнен төмен бағада. Сондықтан сатуда қиыншылық болды",– деп жауап берді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев.

Айта кету керек, шаруалар өткен жылы да дәл осындай кедергіге тап болған. Зауыт қаржыны дер кезінде төлемеуінің кесірінен аймақта балтамыр алқабының көлемі жоспарланған 9 мың гектардан, 6 мың гектарға дейін азайып кеткен еді. Әбден тығырыққа тірелген шаруалар биыл да екі ойлы болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу