Жамбыл облысындағы Меркі қант зауыты жаңғыртудан кейін, қайта іске қосылды, деп хабарлайды Интерфакс.
Бұл зауытты жаңғырту екі кезеңнен тұрды, алғашқы кезең 2016 жылдың сәуір айында өтсе, екіншісі 2017 жылдың тамызында жүзеге асырылды. Енді оның жылдық қант өндіру күші екі есе артты, яғни 200 мың тоннаға дейін қант өндіретін қауқары бар.
Зауытты жаңғыртуға 1 млрд теңге жұмсалды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, биыл қант қызылшасы алқабы 9,5 мың гектарға жеткізілді. Өткен жылы 5 мың гектар жерден 116 мың тонна қызылша жиналып, орташа өнімділігі 232 центнерді құрады. Биыл 180 мың тонна өнім жиналып, одан 18 мың тонна қант шығару жоспарлануда. Меркі қант зауыты сол жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.