Меркі орман шаруашылығы өртеніп жатыр

669

Орман өрті 2 тамыз күні  сағат 14.20-да анықталды. Ауданы шамамен 340 га құрайды.  

Меркі орман шаруашылығы өртеніп жатыр Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Өрт Меркі мемлекеттік орман қорының 3,4,16,17 кварталының жерлерін, Аспара - Меркі орманшылығын қамтыды, деп жазады Inbusiness.kz.

"Тілсіз жауды ауыздықтауға 273 адам және 28 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК су төгу құрылғысы бар 2 өрт сөндіру ұшағы, Жамбыл облысы ТЖД 1 тікұшағы бар", — делінген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарламасында.

ForestGarysh.kz деректеріне сәйкес аталған аумақта 42 өрт нүктелері анықталды.  Ең жақын елді мекен -  Меркі ауданының Талдыбұлақ ауылына дейінгі қашықтық – 20 шақырымды құрайды. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу