Меркідегі мектеп 34 миллион теңге грант жеңіп алды

916

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту әрі білім мекемелерінің білім сапасын көтерудегі өзара бәсекелестігін арттыру мақсатында Жамбыл облысында "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты тағайындалған.

Меркідегі мектеп 34 миллион теңге грант жеңіп алды

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша биыл бұл грантты Меркі ауданындағы №9 М.Әуезов атындағы мектеп-лицейі жеңіп алды. "Орта білім беретін үздік ұйым-2022" грантының иегері атанған ұжымға 34 миллион теңгенің сертификаты тапсырылды.

Жалпы үздік мектепке грант тапсыру бастамасы Жамбыл облысында 2015 жылдан бері жалғасып келеді. Алғашқы жылы өңірдегі орта білім беретін ұйымдар арасында Тараз қаласындағы №45 гимназия жеңіске жетсе, келесі жылы бәсеке күшейіп, қаржылай сыйлықты Жуалы ауданындағы №1 гимназия еншілеген болатын.

2017 жылы бәсекелестік артып, қаржылай грантты үш мектеп өзара бөліске салған. Сол жылы Қордай және Байзақ аудандарындағы №1 және Сарыкемер гимназияларының жетістіктері мен көрсеткіштері облыс орталығындағы №41 гимназиямен тең түскен.

Одан кейінгі екі жылда Талас, Жамбыл, Сарысу, Шу, Т.Рысқұлов, Меркі, тағы да Жамбыл ауданындағы ауыл мектептері үздік шықса, екі жыл бұрын Тараз қаласының екі мектебі қайта алға озған. Осы жылы Жамбыл және Жуалы аудандарының орта білім беретін ұйымдары грантқа ие болды.

"Былтыр "Орта білім беретін үздік ұйым" атағын Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия, Жамбыл ауданындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицей, Байзақ ауданындағы Дихан тірек мектебі, Меркі ауданындағы №17 мектеп-лицейі жеңіп алған. Биыл 34 миллион теңгенің грантын тағы да Меркі ауданы еншілеп отыр", - дейді Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Досыбаева.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу