Мерсинге алғаш рет астық жеткізген пойыз кері қайтты

722

Мерсинге алғаш рет астық жеткізген пойыз кері қайтты

Мерсинге алғашқы астықты жеткізген пойыз қайтып айналып келе жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

28 қарашада "KTZ Express" АҚ контейнерлік пойызы Мерсиннен (Түркия) кері қарай шықты. Ол Мерсинге Көкшетау станциясынан жаңа Баку-Тбилиси - Карс теміржолымен жүріп өтті.
Бұған дейін хабарланғандай, қараша айының басында Қазақстанның Көкшетау станциясынан "ҚТЖ" ҰК" АҚ иелігіндегі отыз 20 футтық контейнерлік пойыз Мерсин бағдарына жолға шыққан болатын.
Пойыз 5435 шақырымды он күнде жүріп өтті. Құрық порты арқылы Каспий теңізінің Алят портымен әрі қарай Баку - Тбилиси - Карс теміржол желісімен барып, Грузиядан Түркияға қарай Ахалкалаки – Карс бағдарымен кең табанды жолдан тар табанды жолға ауыстырылды.
Мерсиннен Қазақстан аумағы арқылы Әзербайжан, Түркменстанға бет түзеген пойызды шығарып салу салтанатына Мерсин қаласының губернаторы, түрік теміржолының басшылығы, кеден органдары мен көлік компанияларының өкілдері қатысты.
Салтанатты шараға қатысушылар Транскаспий халықаралық бағдарының маңызы зор екендігін атап өтті. Олар Қазақстан аумағы арқылы Қытайға түрік тауарларын жіберудің мүмкіндігін қарастыруда.
"Мультимодальдық кешенді қызметке сұраныс қатары артып келеді. Себебі бұл бағдардың басымдығы сонда, жүкті он күн ішінде жеткізуге болады. Әрі тасымалдау мөлшерлемесі де арзанға түседі",-дейді "KTZ Express" АҚ өкілі Н. Алпысбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу