Мерзімді әскери қызмет алынып тастала ма: Қорғаныс министрлігінің жауабы

694

Қыркүйек айының басында осы мәселеге қатысты петиция жарияланды. 

Мерзімді әскери қызмет алынып тастала ма: Қорғаныс министрлігінің жауабы Фото: inbusiness.kz

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметті алып тастау туралы петицияға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәлімдеуінше, Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы әрі міндеті.

"Қазақстан Республикасында мерзімді қызметтің күшін жою бүкіл мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді әрі сыртқы қатерлер болған жағдайда өз аумағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайды. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-1-бабына сәйкес, петицияның мәні қорғаныс мәселелері бола алмайды. Бұл мемлекеттің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіретін бастама", – делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Қорғаныс министрлігі еліміздің 70% те 30% үлесін сақтай отырып, келісімшарттық қызметке басымдық беретінін жеткізді.

Бұдан басқа елдің жауынгерлік әлеуеті негізінен келісімшарттық негіздегі әскери қызметшілер есебінен қамтамасыз етілетіні көрсетілген. 

"Сондай-ақ 30% бұл мерзімді қызметтің әскери қызметшілері. Мерзімді сарбаздар қызмет барысында әскери қызметтің негізгі дағдыларын игере алады, атап айиқанда, жауынгерлік жағдайда әрекет етуге, атуға, жауынгерлік машиналарды жүргізуге үйретіледі, физикалық және моральдық тұрғыдан нығайтылады. Олар жұмыстан шығарылғаннан кейін әскери дайындалған резерв ретінде запаста болады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу