"Мерзімді әскери қызмет жойылсын": Қорғаныс министрлігі петиция туралы пікір білдірді

781

Елімізде мерзімді әскери қызметті алып тастап, келісімшарттық қызметке көшу туралы петиция жарияланды. 

"Мерзімді әскери қызмет жойылсын": Қорғаныс министрлігі петиция туралы пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бұл петицияға қатысты  пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтуынша, мерзімді әскери қызметке келіп жатқандардың бәрін әлсіз, әлжуаз деп айтуға болмайды. 

"Барлығына топырақ шаша алмаймыз. Қазіргі балалардың өмір салты бәрімізге белгілі. Смартфон мен гаджетке байланған. Балалардың әскерге дейінгі физикалық дайындығы мұқият қарауды талап етеді", - деді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары.

Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бүгінгі республика жағдайында мерзімді әскери қызметті тоқтатуға болмайтынын жеткізді. 

"Біріншіден, қарулы күштер мерзімді әскери қызмет арқылы Қазақстан Республикасының ер азаматтарын базалық дайындықтан өткізіп, қайтадан запасқа шығарып отырады. Егер де ҚР халқының басым бөлігі қолына қару ұстай алмайтын болса, онда ел басына күн туғанда, кім келеді? Оларды тез арада кім дайындайды? Екіншіден, келісімшартқа көшу туралы айтып отырсыз. Бұл әлбетте жақсы, бірақ еліміздің экономикасына ауыр тиюі ықтимал", - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу