Мерзімді әскери қызметін өтегендер ЖОО-ларда тегін оқу үшін қандай құжат тапсырады?

740

Мерзімді әскери қызметін өтеген 3 мың адам ЖОО-ларда тегін оқи алады. 

Мерзімді әскери қызметін өтегендер ЖОО-ларда тегін оқу үшін қандай құжат тапсырады? Фото: Ratel.kz

Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мерзімді әскери қызметін өтегендерге көрсетілетін білім беру жеңілдіктері туралы айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгінгі таңда бұл бастаманы елдегі 40 ЖОО қолдаған көрінеді.

"Келісімдер аясында жоғары оқу орындары 100%-дық жеңілдік ұсынатын болады. Бұл тұста әр университет өз мүмкіндіктерін ескере отырып шешім қабылдайтынын ескеру қажет. Бірақ жалпы бұл көрсеткіш 3 мыңға жуықтайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр", - деді спикер. 

Мерзімді әскери қызметін өткерген азаматтарға білім беру саласында көрсетілетін жеңілдіктер:

  • Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін 2 жыл ішінде ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша ақылы негізде ЖОО-ларға түсу мүмкіндігі;
  • Үздік нәтиже көрсеткен қызметшілер үшін ЖОО-лардың есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігі;
  • Емтихансыз грант негізінде ЖОО-ның әскери кафедрасына (офицер атағын алу үшін) түсу мүмкіндігі;
  • Үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер үшін емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу мүмкіндігі.

Қажетті құжаттар топтамасы:

  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • Әскери қызметтен өткені туралы анықтама;
  • Әскери билеттің көшірмесі;
  • 086 медициналық анықтамасы (медициналық куәландыру).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу