Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,1%-ға ұлғайды

656

Ұлттық банк маусым айының соңында депозит көлемі бір айда 2,1%-ға ұлғайып, 25 134,6 млрд теңгеге жеткенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,1%-ға ұлғайды

Қаржы реттеушісінің мәліметінше, заңды тұлғалардың депозиті бір айда 2%-ға немесе 12 936,8 млрд теңгеге, жеке тұлғалардың депозиті 3,3%-ға немесе 12 197,8 млрд теңгеге көбейді. Ұлттық валютадағы депозит көлемі бір айда 2,5%-ға немесе 15 843,3 млрд теңгеге, шетел валютасындағы депозит 3%-ға немесе 9 291,3 млрд теңге өсті. 

"Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиті маусымда 7 874,9 млрд теңгеге, шетел валютасындағы депозиті 5 061,9 млрд теңгеге артты. Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиті 7 968,3 млрд теңгеге, шетел валютасындағы депозиті 4 229,4 млрд теңгеге жетті. Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,1%-ға ұлғайып, 17 040,1 млрд теңгеден асты. Оның құрылымында ұлттық валютадағы салым 10 884,2 млрд теңге, шетел валютасындағы салым 6 155,9 млрд теңге болды", – деп жазды ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қанат Махамбет  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу