Мерзімді қызметін аяқтаған әскери қызметшілер запасқа шығарылуда

922

Биыл міндетті әскери борыштарын өтегендерді запасқа шығару 15 маусым мен 31 шілде аралығында өтеді. 

Мерзімді қызметін аяқтаған әскери қызметшілер запасқа шығарылуда

Санитарлық-эпидемиологиялық шараларға сәйкес шығарып салу салтанатты түрде өткізілмейді, алайда әскери дәстүрлі рәсімдер ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер бөлімдердің жауынгерлік туымен қоштасып, алаңда салтанатты саппық шерумен жүріп өтеді.

Жөнелту кезінде әскери қызметшілер медициналық бетперделермен және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етіліп, әскери оқытылған резерв ретінде жергілікті басқару органдарына есепке алынатын болады.

2020 жылы әскерге шақыру науқанының пандемияға сәйкес кейінге шегерілуіне байланысты сарбаздарды шығарып салу маусым-шілде айларына ауыстырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу