"Банктерде және микроқаржы ұйымдарында жалпы сомасы 2 265 млн теңге несиесі бар 6,9 мың адам (мерзімді қызметтегі сарбаздар – ред.) анықталды. Оның ішінде 2,4 мың қарыз алушының 872 млн теңге сомасына 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар: банктерде – 1,5 мың адамда 643 млн теңге, микроқаржы ұйымдарында – 1,2 мың адамда 230 млн теңге", - деді Үкімет басшысы Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.
Әлихан Смайыловтың сөзінше, былтыр 5 желтоқсанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қорғаныс министрлігі төлемдерді кейінге қалдыру туралы меморандумға қол қойды. Мерзімі өткен берешегі бар сарбаздардың тізімі банктер мен микроқаржы ұйымдарына жіберіліп, олардың несиелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру жұмыстары жүргізілуде.