Мерзімі өтетін дәріні науқастарға ұстатып жіберген – депутат

406

Нарықтағы дәрі-дәрмектердің 84 пайызы шетелдік өнім екенін жазғанбыз. 

Мерзімі өтетін дәріні науқастарға ұстатып жіберген – депутат Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев дәрі-дәрмек саласындағы былықты атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

"Жоғары аудиторлық палатаның дәрі-дәрмек саласына қатысты есебін қараған кезде жұртың жағасын ұстататын жайттар өте көп. Себебі дертке ем болуы керек дәрі-дәрмек саласы ақшаға құныққандардың саласына айналып кеткен жоқ па деген үлкен сұрақ туады. Мәселен, 2024 жылы еліміздегі нарықта бар дәрі-дәрмектердің 84 пайызы шетелдік өнім екені белгілі болды. Соңғы бес жылда біздің шетелден сатып алған дәрі-дәрмектерге жұмсаған ақшамыз 1,2 млрд доллардан 1,7 млрд долларға дейін жетті. Мемлекет басшысы отандық дәрі-дәрмектің үлесі 50 пайыз болуы керек деді. Министрліктің қалай жететіні түсініксіз", - деді Нартай Сәрсенғалиев.

Депутат салада тиісті жоспарлау жоқ екенін баса айтты.

"Жоғары аудиторлық палатаның есебіне қарасақ, азаматтарға берілген 68 мың дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімінің өтуіне 2-3 күн қалған. Жарамдылық мерзімі өтетін дәрі-дәрмектерді ауру азаматтарымызға ұстатып жіберген", - деді мәжілісмен.

Айта кету керек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов елдегі дәрі-дәрмек бағасы неге қымбат екенін айтқанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу