Мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген өзбекстандық депортацияланды

559

Карантин талабын бұзған шетелдік халықаралық әуежайдан қатуға мәжбүр болды. 

Мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген өзбекстандық депортацияланды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша 2020 жылғы 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Египет, БАӘ, Түркия, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді.

1 668 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 530 адам, анықтамасыз 138 адам келді. Олардың барлығы  қазақстандықтар. 

Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 10 рейс, 886 жолаушы, анықтамамен - 808, анықтамасыз - 78;
- Алматы қаласының әуежайына - 6 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен - 554, анықтамасыз - 46;
- Қарағанды қаласының әуежайына - 2 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келді;
- Шымкент қаласының әуежайына - 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 123, анықтамасыз - 12;
- Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 38 жолаушы, анықтамамен - 36, анықтамасыз - 2;
- Петропавл қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 4 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды. Барлық 139 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті. Бір күн бұрын, 2020 жылдың 9 желтоқсанында анықтамасыз келген 115 адамның ПТР сынамалары да теріс нәтиже көрсеткен болатын.

Сонымен қатар, Ташкент қаласынан ұшып келген Өзбекстан азаматы мерзімі өткен анықтаман ұсынуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу