Мерзімінен бұрын босанып қалған қазақстандық турист Түркиядан елге жеткізілді

746

Қазір олар Алматы қаласы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында қаралуда.

Мерзімінен бұрын босанып қалған қазақстандық турист Түркиядан елге жеткізілді

2018 жылғы 10 қыркүйек 1988 жылы туылған Қазақстан азаматшасы және оның екі айлық қызы Анталия қаласынан (Түркия) елге санитариялық авиация күшімен сәтті тасымалданды, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 30 маусымда Түркияға демалуға барған Қазақстан азаматшасы мерзімінен бұрын босанып, нәресте шала туылған. Осыған байланысты ҚР денсаулық сақтау министрлігі республикалық санитариялық авиация орталығы мен сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып,  бүлдіршін мен анасын отанына жеткізу мәселесімен айналысты.

Осылайша, бала санитариялық авиация қызметі мамандарының көмегімен,  елге жеткізілді. Әрі қарай қажетті көмек алу үшін нәресте анасымен бірге Алматы қаласы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында қаралуда.

Саниариялық авиация құрылғаннан бергі соңғы 5 жыл ішінде ауыр халде жатқан 49 Қазақстан азаматы шетелден отанына тасымалданғанын айта кетейік. Таяу және алыс шет елден барлық медициналық тасымалдау республикалық бюджет қаржаты есебінен жүзеге асырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу