Мерзімсіз салымдар бойынша шекті мөлшерлеме көтерілді

1502

Енді мерзімсіз салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлеме 9,8% болады.

Мерзімсіз салымдар бойынша шекті мөлшерлеме көтерілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры бүгін салымдар бойынша шекті мөлшерлемені көтергенін хабарлады.

"Сыйақының шекті мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме Қазақстан Ұлттық банкі белгілейтін базалық мөлшерлемеге байланысты болады. Кеше, 9 қыркүйек, Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің 9%-дан 9,25% - ға дейін көтерілгенін жариялады. ҚДКБҚ базалық мөлшерлеменің артуынан кейін мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемені 9,5%-дан 9,8%-ға дейін арттырады",– дейді ҚДКБҚ баспасөз қызметі.

Өзгерістер бүгін, 10 қыркүйекте күшіне енеді, бірақ екінші деңгейдегі банктер депозиттер бойынша қолданыстағы мөлшерлемелерді бұрынғы деңгейде сақтауға немесе оларды кейінірек арттыруға құқылы.

Ұлттық банктің бұл шешімі жаңадан тартылатын үш ай мерзімді салымдарға да қатысты болады.

Алты ай мерзімді салымдар және барлық жинақ салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелер өзгермейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу