Алматы қаласы мешіттерінің карантин жағдайындағы қызметі бойынша онлайн баспасөз-конференциясында Орталық мешіттің найб имамы Ермек Көкірекбаев қазіргі кезде осы талаптар талқыланып жатқанын мәлім етті.
"Карантин кезінде мешіттер қайта жабылды. Алайда көпшілік Алла үйінің есігін қайтадан ашуды сұрауда. Бұл ретте ислам діні адам денсаулығы мен қауіпсіздігін бірінші орынға қоятынын естен шығармау керек. Сондықтан мешіттерді ашу кезінде оның сыйымдылығын 30%-дан асырмай, бір адамға 4 шаршы метрден есептеу туралы шарттар қарастырылуда. Сондықтан мешіттер ашылғанша талап пен тәртіпке бағынып, мұсылмандық міндетімізді орындайық. Алла қаласа көп ұзамай бұл күндер де артта қалады", – деді спикер.
Сонымен қатар Ермек Көкірекбаев мешіттер ашылған жағдайда шаhардың бас санитар дәрігері бекіткен санитайзер, бетперде, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу сынды талаптар сақталуға тиіс екенін айтты.
Құралай Құдайберген