1999 жылы туған А. есімді азамат мешітке келіп, ұйықтап жатқан адамды көріп, үн-түнсіз қалтасынан құнды дүниенің бәрін суырып алып отырған, деп жазады inbusiness.kz Алматы қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің кезекші бөліміне мешіт аумағында ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Күдікті сол күні ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған", – дейді Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу