Мешітте намаз уақытында ер адамды "Әмин" деп айтқаны үшін ұрып жіберген

3860

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы оқиға Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болғанын жеткізді.

Мешітте намаз уақытында ер адамды "Әмин" деп айтқаны үшін ұрып жіберген Фото: видео скриншот

Олар өзге өңірден келген екен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚМДБ мәліметінше, мешітке тұрақты келуші азамат намаз кезінде "әмин" дұғасын қатты дауыспен айтқан. Сол сәтте қатарда тұрған екінші бір ер адам оның әрекетіне төзбей, ұрып-соққан.

"Нәтижесінде, имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады", – деді Ағабек Қонарбайұлы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу