Мешітте шу көтерген жігітке айыппұл салынды

1049

Мешітте шу көтерген жігітке айыппұл салынды

Орал қаласында мешіт имамына бағынбай, бүлік шығарған деструктивті ағымға ерген азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, kazislam.kz хабарлайды. 

2016 жылдың желтоқсан айында Орал қаласының азаматы жергілікті мешіттің бірінше дәстүрлі Әбу-Ханифа мазһабының талаптарымен келіспейтінін білдіріп, діни рәсімнің атқарылуына кедергі келтірген. ІІД хабарлауынша,  аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 490-бабы 2-бөліміне сәйкес әкімшілік материал хатталып, ол сотқа жіберілді. Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының деструктивтік діни ағымды жақтаушы тұрғын кінәлі деп танылып, оған 35 АЕК көлемінде 79415 теңге айыппұл салынды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу