Мешіттегі газ жарылысынан зардап шеккен 16 адам Астанада ем алып жатыр

182

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің қазіргі жағдайын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мешіттегі газ жарылысынан зардап шеккен 16 адам Астанада ем алып жатыр Фото: canva.com

"Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы мешітте газ жарылысынан зардап шеккен 16 адам Астананың қалалық стационарларына жеткізілді. Оның ішінде 13 ересек және 3 бала. 7 жәбірленуші реанимация бөлімшесінде, 6 адам Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма, эндопротездеу және комбустиология бөлімшесіне орналастырылды. Алдын ала диагноз – әртүрлі дәрежедегі жалынның термиялық күйіктері", – делінген хабарламада.

Одан бөлек, 25-30% термиялық күйік шалған 3 бала қалалық №2 балалар ауруханасының ОРИТ (қарқынды терапия бөлімшесі) ауруханасына жатқызылды.

"Стационарда пациенттер келген бойда комбустиолог, реаниматолог, терапевт, стационар бойынша жауапты дәрігер қарады, травматологтар, комбустологтар тобы қосымша шақырылды. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, пациенттердің жағдайының динамикасы бойынша ақпарат жаңартылады", – дейді Денсаулық сақтау басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу