Месси "Камп Ноудағы" 300-ші голын соқты

846

Месси "Камп Ноудағы" 300-ші голын соқты

Каталондық "Барселона" командасының шабуылшысы Лионель Месси Испания біріншілігінің бесінші турында "Эйбар" қақпасына (6:1) төрт гол соқты, деп жазады Qsport.kz.

Аргентиналық шабуылшы 20-шы, 59-шы, 62-ші және 87-ші минутта көзге түскен. Осылайша,  Месси "Барселона" сапында "Камп Ноу" стадионындағы 300-ші голын соқты.

Еске салайық, 30 жастағы шабуылшы каталониялық клубтың сапында 2000 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыттың ішінде ол төрт рет "Алтын допты" сегіз рет Испания біріншілігін, бес рет Испания кубогын, төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Жалпы, клубтық деңгейде Месси "Барселонамен" 30 кубок еншілеген. 

Айта кетейік, Лионель Мессидің қазіргі келісімшарты 2018 жылдың жазына дейін есептелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу