Месси алтыншы рет Испанияның үздік ойыншысы атағын алды

944

Месси алтыншы рет Испанияның үздік ойыншысы атағын алды

Өткен маусымда бес дүркін "Алтын доп" иегері Испания чемпионатында 36 ойын өткізіп, 34 гол салды, деп хабарлайды 24.kz.

Футболдан Аргентина құрамасының әрі каталониялық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының 2017/2018 маусымының қорытындысы бойынша ең үздік ойыншы атағын алды.

Өткен маусымда бес дүркін "Алтын доп" иегері Испания чемпионатында 36 ойын өткізіп, 34 гол салды.

Альфредо Де Стефано (Marca газетінің марапаты Испания Примерасының үздік ойыншысына беріледі) жүлдесінен бөлек, Месси Пичичи - Примерадағы ең үздік сұрмерген атағын иемденді.

Пичичи трофейі "Атлетико" сапында өнер көрсеткен (Пичичи лақап атымен танылған) әйгілі Рафаэля Морено Арансади құрметіне берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу