Месси бастаған Аргентина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына шықты

657

Аргентина құрамасы Катардағы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Хорватия командасын ұтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Месси бастаған Аргентина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына шықты Фото: REUTERS

Аргентина құрамасы Лусаилдағы "Лусаил Айконик" стадионында өткен кездесуде қарсыласы Хорватия командасын 3:0 есебімен жеңді.

Аргентиналықтардың бірінші таймдағы алғашқы голын Лионель Месси пенальти арқылы (34') соқты. Осылайша, Месси карьерасында екінші рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр. Одан кейінгі екі голды Хулиан Альварес соқты (39',69').

Айта кетейік, Аргентина құрамасы финалда 15 желтоқсанда өтетін Франция мен Марокко матчының жеңімпазымен ойнайды.

Ал, финал 18 желтоқсанда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу