Месси испаниялық Marca нұсқасы бойынша жыл футболшысы атанды

911

Туриндік "Ювентус" сұрмергені Криштиану Роналду төртінші орынды қанағат тұтты.

Месси испаниялық Marca нұсқасы бойынша жыл футболшысы атанды

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси испаниялық Marca нұсқасы бойынша жыл футболшысы атанды, ал туриндік "Ювентус" сұрмергені Криштиану Роналду төртінші орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Басылымның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, екінші орынды "Алтын доп – 2018" иегері атанған "Реал" жартылайқорғаушысы Лука Модрич, ал үздік үштікте мадридтік "Атлетико" шабуылшысы Антуан Гризманн көрінді.

2018 жылы жазда "Реалдан" "Ювентуске" ауысқан Роналду төртінші орында тұр. Үздік ондықта мынадай футболшылар бар: Килиан Мбаппе (шабуылшы, "Пари Сен-Жермен"), Мохамед Салах (шабуылшы, "Ливерпуль"), Эден Азар (жартылайқорғаушы, "Челси"), Рафаэль Варан (қорғаушы, "Реал"), Харри Кейн (шабуылшы, "Тоттенхэм"), Кевин де Брёйне (жартылайқорғаушы, "Манчестер Сити").

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу