Месси мансабындағы алтыншы мундиальға қатысады

Аргентина футбол қауымдастығы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жария етті.  

Месси мансабындағы алтыншы мундиальға қатысады Фото: times.by

26 футболшының қатарында құраманың көшбасшысы, әлемдік жұлдыз Лионель Месси де төбе көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алтын доп" жүлдесінің 8 дүркін иегері үшін бұл мундиаль – мансабындағы алтыншы әлем чемпионаты. Ол осыған дейін 2006, 2010, 2014, 2018 және 2022 жылдардағы әлемдік доп додасына қатысып, Қатарда командасының әлем чемпионы атануына үлкен үлес қосты. 
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде аргентиналықтар Алжир, Австрия және Иордания құрамаларымен күш сынасады. Қазіргі әлем чемпиондары өзінің алғашқы матчын 16 маусым күні Алжирге қарсы өткізбек. 

Аргентинаның толық құрамы:

Қақпашылар:

Эмилиано Мартинес (Астон Вилла), Херонимо Рульи (Марсель), Хуан Муссо (Атлетико Мадрид).
Қорғаушылар:
Леандро Балерди (Марсель), Николас Тальяфико (Лион), Гонсало Монтиель (Ривер Плейт), Лисандро Мартинес (Манчестер Юнайтед), Кристиан Ромеро (Тоттенхэм), Николас Отаменди (Бенфика), Факундо Медина (Марсель), Науэль Молина (Атлетико Мадрид).

Жартылай қорғаушылар:

Леандро Паредес (Бока Хуниорс), Родриго Де Пауль (Интер Майами), Валентин Барко (Страсбур), Джовани Ло Чельсо (Реал Бетис), Эксекиэль Паласиос (Байер Леверкузен), Алексис Мак Аллистер (Ливерпуль), Энцо Фернандес (Челси).

Шабуылшылар:


Хулиан Альварес (Атлетико Мадрид), Лионель Месси (Интер Майами), Николас Гонсалес (Атлетико Мадрид), Тьяго Альмада (Атлетико Мадрид), Джулиано Симеоне (Атлетико Мадрид), Нико Пас (Комо), Лаутаро Мартинес (Интер Милан).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу