Meta акциялары 1,5 процентке төмендеді

406

Кеше Facebook, Instagram әлеуметтік желілері кеше әлем бойынша дұрыс жұмыс істемей 300 мыңнан астам адам шағымданды.  

Meta акциялары 1,5 процентке төмендеді Фото: cms-group.pro

Мәселеге қатысты Meta компаниясының өкілі Энди Стоун техникалық ақауларды мойындап, желідегі олқылықтар үшін кешірім сұраған болатын. Қиындықтардың неден туындағаны әлі белгісіз. Желілердің істен шығуына байланысты, компания акциялары 1,5 процентке төмендеді. Үш жыл бұрын бірлестік тағы осындай жағдайға тап болып, 100 миллион долларға шығынға батқан еді.

Сондықтан сарапшылар: "Бұл жолы компанияға одан да көп залал келуі мүмкін", - деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу