Meta акциялары 22%-ға арзандады

944

2021 жылдың төртінші тоқсанында таза пайда көлемі 2020 дәл осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға қысқарды.

Meta акциялары 22%-ға арзандады

Америкалық Meta компаниясының Нью-Йорк қор биржасындағы бағалары 22%-ға төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бұған кіріс пен өсімге қатысты болжамдардың жариялануы себеп болды.

Сауда алаңының мәліметі бойынша, сауда сессиясы аяқталғаннан кейін NASDAQ электрондық биржасында компания акциялары 22,35%-ға арзандады.

Табыстың 20%-ға өсуіне қарамастан, 2021 жылдың төртінші тоқсанында таза пайда көлемі 2020 дәл осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға қысқарды. Компанияның болжамы бойынша, келесі тоқсанда түсім көлемі 3-11%-ға өсуі мүмкін. 

Facebook компаниясын 2004 жылы 4 ақпанда Марк Цукерберг және оның үш курстасы құрған болатын. Корпорацияның штаб-пәтері Менло паркте (Калифорния штаты) орналасқан. Компанияға Facebook және Instagram әлеуметтік желілері, сондай-ақ WhatsApp және Messenger қосымшалары тиесілі.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу