"Meta" әлемдегі ең қуатты компьютер шығарады

1029

Cуперкомпьютер бір уақытта жүздеген тілдермен жұмыс істеу және мәтіндер, суреттер мен бейнелерді талдау үшін жасанда интелектінің моделін құрастырады.

"Meta" әлемдегі ең қуатты компьютер шығарады

Facebook-тің бас ұйымы саналатын Meta Platforms компаниясы жасанды интеллектісі бар әлемдегі ең жылдам компьютерді жасап шығармақ, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның сайтына сілтеме жасап. 

AI Research SuperCluster (RSC) деп аталатын компьютерді жасау жұмыстары екі жыл бұрын басталған. Әзірге оны құрастырудың бірінші кезеңі аяқталды. Жобамен айналысып жатқандардың сөзіне сенсек, RSC 2022 жылдың ортасына қарай дайын болады. 16 мыңға жуық графикалық процессоры бар бұл компьютер бір секундта 16 терабайттық ақпаратты өңдей алады.

Компания өкілдерінің айтуынша, суперкомпьютер бір уақытта жүздеген тілдермен жұмыс істеу және мәтіндер, суреттер мен бейнелерді талдау үшін жасанда интелектінің моделін құрастырады. Осылайша, RSC метаәлемді жасаудағы алғашқы қадам болмақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу