Meta өкілі әлеуметтік желілердің істен шығуына байланысты мәлімдеме жасады

325

Компания мәселелерді шешуге тырысып жатқанын атап өтті.  

Meta өкілі әлеуметтік желілердің істен шығуына байланысты мәлімдеме жасады Фото: computerworld.com

Meta өкілі Энди Стоун әлеуметтік желілердің істен шығуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Адамдар біздің әлеуметтік желілерге қол жеткізе алмай қиналғанын білеміз. Біз проблемаларды шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деп жазды Стоун әлеуметтік желісінде.

Ал, Илон Маск Марк Цукербергті сөзбен түйреп, жазба жариялады.

"Егер сіз осы жазбаны оқып отырсаңыз, бұл біздің серверлеріміз жұмыс істеп тұрғанын білдіреді", - деп жазды Маск.

Бұған дейін бүкіл әлем бойынша Facebook, You tube және Instagram желілері істен шыққанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу