Ол пайдаланушы атының жанында көк құсбелгіні алуға, сондай-ақ басқа қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Марк Цукерберг жаңа функция желі пайдаланушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін айтты.
Жазылым алдымен Австралия мен Жаңа Зеландияда сынақтан өтеді. Болашақта ол басқа елдерге де қолжетімді болады.
АҚШ-та Meta Verified жазылымы сайт арқылы - 11,99 доллар. Ал, iOS қосымшаларында бағасы 15 доллар тұрады.
Қызметті алу үшін 18 жастан асқан пайдаланушылар ресми жеке куәлікті ұсынуы керек. Оның деректері есептік жазбадағы ақпаратқа сәйкес келуі қажет. Тексеруден кейін есептік жазбаның атын, логинін, туған күнін немесе фотосуретін қайтадан тексерусіз өзгертуге болмайды.