Метал өндірушілер есебінен бюджетке қосымша 160 млрд теңге түсті

346

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өндірілетін металдарға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша ставкалар көтерілді. 

Метал өндірушілер есебінен бюджетке қосымша 160 млрд теңге түсті Фото: inbusiness.kz

Соның есебінен бюджетке қосымша 160 млрд теңге түсті. Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Мамандандырылған департаментінің директоры Әлібек Ибрайым ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық әкімшілендірудің 2023 жылғы негізгі нәтижелеріне тоқталсақ. Жалпы, Мемлекеттік кірістер органдарының салықтық бақылауында 5 мыңнан астам жер қойнауын пайдаланушылар бар (мұнай-газ секторы – 205, тау-кен секторы – 1 309, кең таралған пайдалы қазбалар – 1 277, жер асты сулары – 2 392). Олардан түсетін түсімдер республикалық бюджет кірісінің үштен бірін құрайды және Ұлттық қорды толығымен қалыптастырады.

"Өткен жылы жер қойнауын пайдаланушылардан шоғырландырылған бюджетке түскен салықтар 10 трлн теңгеден асты (республикалық бюджет – 4,9 трлн теңге, Ұлттық қор – 4,6 трлн теңге, жергілікті бюджет – 1,1 трлн  теңге).

Осы бағытта, салықтық бақылау құралдары үнемі жетілдіруде. Мәселен, салықтық тексерулер және өзге де бақылау шаралары аясында өткен жылы бюджет қосымша 560 млрд теңгемен қамтамасыз етілді, оның ішінде салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша республикалық бюджетке 90 млрд теңгеден астам өндірілді", — деп түсіндірді Әлібек Ибрайым.

Сонымен қатар, спикердің хабарлауынша, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өндірілетін металдарға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша ставкалар көтерілгенін спикер атап өтті (Лондон биржасында тіркелген металдарға – 50%, қалғандарына – 30%). Бұл бюджетке қосымша 160 млрд теңге әкелді.

"Салықтық бақылауды жетілдіру аясында трансферттік баға белгілеу туралы Заңға түзетулер әзірленді. Олар ОЭСР сарапшыларымен алдын ала пысықталып, олардың ресми қорытындысымен қолдау тапты. Аталған түзетулер әлемдік және отандық тәжірибені ескере отырып әзірленді және халықаралық іскерлік операцияларда мемлекеттің шығындарын болдырмауға бағытталған", — деді Комитет өкілі.

Қазіргі уақытта, Заң жобасы Парламент Мәжілісінде орналасқан және бірінші оқылымда қолдау тапты.

Сондай-ақ, Әлібек Ибрайым жалпы жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық әкімшілендіру, мемлекеттік кірістер органдарының мұқият бақылауында екенін айрықша атап өтті. Жалпы соңғы үш жылда ғана осындай әкімшілендіру нәтижелері бойынша бюджетке қосымша 1,1 трлн. теңге өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу