Металл балқытуға сұраныс артты

937

Биыл аталған секторда 10 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.  

Металл балқытуға сұраныс артты

 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында елімізде 10,4 млрд теңгеге металл балқытылды, деп хабарлады energyprom.kz. 

Бір жылда көрсеткіш 20,7%-ға жоғарылаған. Ал 2019 жылы аталған секторда 13,8 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Сонымен қатар өнеркәсіптік өндіріс индексі 91,1%-ды құраған. Бұл негізгі өндіріс көлемінің төмендегенін айғақтайды. Салыстырмалы түрде қарастырар болсақ биылғы жылдың сегіз айында өнеркәсіптік өндіріс индексі 110,6%-ды құрады. Демек салада сұраныс артқан. 

Жалпы металл балқыту көлемінің 77%-ы еліміздің үш өңіріне тиесілі.   Мұнда Павлодар облысы көш бастап тұр. Өңірдегі өндіріс көлемі – 51,2%. Бұл ақшаға шаққанда 4,8 млрд теңге. 

Одан кейінгі орында Қарағанды облысы (1,7 млрд теңге, +13,7%)  мен Шығыс Қазақстан облысы (1,5 млрд теңге, +7,1%). Ақмола облысында өндіріс көлемі ақшаға шаққанда 7,6 есе артқан. Ал Шымкентте  керісінше көрсеткіштер 6,4 есе төмендеген. 

Секторда болат балқыту көрсеткіші 26,7 мың тоннаға,  шойын балқыту 16,8 мың тоннаға жоғарыласа, өзге түсті металлдар мен олардың қорытпаларын балқыту 2 есе төмендеп, бар болғаны 444 тоннаны құрады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу