Металл іздеушілер қоқыс полигонын қазып жатыр

1282

Ақтау қаласының тұрғындары ауада күкіртсутегінің жоғарылап кеткенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды inbusiness.kz Маңғыстау облысы экология департаменті мамандарының мәлімдемесіне сілтеме жасап.  

Металл іздеушілер қоқыс полигонын қазып жатыр

Экологтар жағымсыз иістен зардап шегіп жатқан тұрғындардың шағымы бойынша Қошқар ата полигона барды. Тексеріс барысында жағымсыз иістің  осы жерден тарап жатқаны анықталды. 

"Металл іздеушілердің қоқыс полигонын қазатыны, салдарынан ауаға жағымсыз иіс тарайтыны белгілі болды", – деп нақтылады экологтар. 

Олардың сөзінше, стихиялық қоқыс қоғамға эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Ингаляциялық ауа адамдардың улануына әкелуі мүмкін. 

"Қоқыс полигонынан қазып алынған металл жарамсыз болады. Экологтар жергілікті билік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, мәселені шешу үшін тиісті шара қабылдайды", – деді Маңғыстау облысы экология департаментінің мамандары.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу