Металл қабылданатын пунктен 100 келі кабель тәркіленді

736

Ұрланған кабельдерді, аккумуляторларды, канализациялық люк қақпақтарын, құрылыс материалдары мен қара және түсті металлдарды қабылдайтын орындар тексеріліп жатыр.

Металл қабылданатын пунктен 100 келі кабель тәркіленді

Астанада полиция қызметкерлері "Цветмет" тексеру іс-шарасын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Астана қаласы ПД криминалды полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, ұрланған кабельдерді, аккумуляторларды, канализациялық люк қақпақтарын, құрылыс материалдары мен қара және түсті металлдарды қабылдайтын орындарды анықтау мақсатында рейдтік шараларды жүргізіп жатыр.

"Өткен тәулікте полиция қызметкерлері металл қабылданатын 30-ға жуық орынды тексерді. Тексеріс жұмыстарының нәтижесінде ҚР-да тұру ережелерін бұзып, еш тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжатсыз жүрген 20 адамға қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 492 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Үшкөпір көшесіндегі металл қабылданатын пунктердің бірінен полиция қызметкерлері түсті металдың 100 келісін (кабель) анықтады. Айғақты зат тәркіленіп, тексеру амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу