Металлургия саласы дағдарысқа ұшырады

672

Қара темір айналасындағы дау-дамай әлі тыйылмай тұр. 

Металлургия саласы дағдарысқа ұшырады

Металл сынықтарын жинау және қабылдау секторы дағдарыс құрдымына батуын жалғастыруда, деп хабарлайды Atameken Business.

Жағдайдың ушығуынан нарықтағы компаниялар өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Дағдарысқа шыдас бермей жаппай жабылып жатқандар да бар. Салдарынан, елдегі жұмыссыздар саны тағы да көбейген. Кәсіпкерлер бұған шенділердің заңсыз қадағалау әрекеті себеп дейді.

Еске салсақ, 6 мамырда металл сынықтарын экспорттауға тыйым салынды. Шектеу, көрші Ресейді айналып өткенімен, санкция кесірінен Мәскеудің өзі сатып алудан бас тартқан. Ішкі нарықта да жағдай мәз емес. Отандық зауыттар қара темір қабылдамақ түгіл, өткен қарыздарын өтеуге қауқарсыз.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу