"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатында газ құбырында болған жарылыстан зардап шеккен үш жұмысшының жағдайы ауыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Айжан Исаның айтуынша, газға уланғандар қазір Теміртаудың орталық ауруханасында реанимация бөлімінде жатыр. Денесінің 5%, 7% және 10% күйік шалған тағы үш адамның жағдайы бірқалыпты.
Еске салсақ, бүгін Қарағанды облысындағы "Арселор Миттал Теміртау" шахтасындағы № 1 газ құбырында жұмыс жүргізу барысында жарылыс болып, газ цехінің 4 жұмысшысы, кокс цехінің жұмысшысы және газ құтқару қызметінің тағы бір жүргізушісі жарақат алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу