Металлургиялық өндіріс көлемдері 2016 жылы 3,4 триллион теңгеге дейін, яғни бір жарым есе ұлғайған.
2016 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығындағы кезеңде металлургиялық өнеркәсіп өндірісінің көлемдері 3,36 триллион теңгені құраған – 2015 жылмен салыстырғанда 58,6% артық. Сондай-ақ, көлемдер заттай көріністе де 6,6% өскен. Салыстыру үшін, жалпы өңдеу өнеркәсібі бойынша өндірістің физикалық көлемі небары 0,7% өскен.
Сектордағы шығарылым 2014 жылдан бері – екінші индустриялық бесжылдықтың басынан бастап тұрақты өсіп келеді.
Металлургия бөлігіндегі өндіріс көлемдерінің 79,1%-ын баға көрінісінде үш облыс қамтамасыз етеді. Қарағанды облысы – 1,1 трлн теңге, ШҚО – 907 млрд теңге және Павлодар облысы 635,6 млрд теңге қамтамасыз еткен.
Бұдан бөлек, ең көп өсімді Ақмола облысының металлургтері көрсеткен, ондағы өсім 2,2 есені құраған.
Үш өнеркәсіптік өңір: Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары барлық өндірістің 80%-ға жуығын қамтамасыз еткенін атап өту қажет.