Металлургтер арасында ең төмен жалақыны "АрселорМиттал Теміртау" жұмысшылары алады

1038

Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов пен компанияның бас директоры Парамжит Калонмен кездесуінде осылай айтты. 

Металлургтер арасында ең төмен жалақыны "АрселорМиттал Теміртау"  жұмысшылары алады Фото: karaganda-region.gov.kz

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясындағы жалақының орташа деңгейі республикалық және өңірдің өзге металлургиялық компанияларынан әлдеқайда төмен. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев  мәлімдеді.

Бердібек Мәшбекұлы бұл пікірін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, компанияның бас директоры Парамжит Калонмен кездесуінде айтты. 

"Кәсіпорында 30 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жалақы және жұмыс орындарын босату бойынша берешек жоқ. Алайда, кәсіпорындағы жалақының орташа деңгейі республикалық және өңірдің басқа да металлургиялық компанияларынан әлдеқайда төмен. Комбинаттың 170 қызметкері көпбалалы, оның 91-інің баспанасы жоқ. Елбасы мен ҚР Президентінің басым тапсырмаларының бірі – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Осыған байланысты аталған мәселелерді жедел шешуге назар аударуыңызды сұраймыз", – деді Бердібек Сапарбаев.

Парамжит Калонның айтуынша,  2018-2020 жылдары компания 305 млрд теңге инвестиция құятынын, бұл қаржы  қауіпсіздік техникасы мен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталады. Ал әлеуметтік жауапкершілік аясында компания Теміртау қаласында емхана, балабақша және спорт кешенінің құрылысын жүргізіп жатыр, биыл осы жобаларды іске асыруға 1,8 млрд  теңге бөлінеді.

Меңтай Шыңғыс 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу