Металлургтер бір жылда өндірісті 4%-ға арттырған

612

ҚҚС-ты автоматты түрде қайтару шегі 80%-ға дейін көтеріледі. 

Металлургтер бір жылда өндірісті 4%-ға арттырған

2020 жылдың қаңтар мен сәуір айларында өндірілген металл рудаларының құны 670,1 млрд теңге болды. Былтырғы көрсеткіштен 19,3%-ға артық. Ондағы темір рудасының үлесі - 143,6 млрд теңге, түрлі түсті металл рудаларыныкі - 526,4 млрд теңге. Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады. 

Үкімет алдағы уақытта тиімділігі төмен кәсіпорындар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге белгіленген салықты төмендету жағын қарастырады. Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін бірінші, екінші, үшінші тоқсандағы ҚҚС-ты қайтару процесін жылдамдату да көзделіп отыр. Ескере кететін жайт, ҚҚС-ты автоматты түрде қайтару шегі 80%-ға дейін көтерілмек.

Биыл қаңтар және сәуір айларында өндірілген темір рудасының көлемі 15 млн тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш бір жылда 17,6%-ға өскен. Темір рудасы концентратының өндірісі 25%-ға көбейіп, 3,9 млн тоннаға дейін артты.
Биыл 37,1 млн тонна мыс өндірілген. Былтырғыға қарағанда 0,8%-ға көп. Ал алтынды руда көлемі бір жылда 1,2%-ға өсіп, 7,5 млн тонна болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу