Метапневмовирус қауіпті ме: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеме жасады

148

Мамандар қарапайым алдын алу шараларын сақтауға шақырады.  

Метапневмовирус қауіпті ме: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеме жасады Фото: toppress.kz

Адам метапневмовирусының (hMPV) таралуы үлкен қауіп әкелмейді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Маргарет Харрис айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ДДСҰ баспасөз хатшысының айтуынша, Қытайда мұндай инфекциялардың көбеюі маусымдық жағдайлармен тікелей байланысты. Аспан асты елінің ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, тұмау әлі де ең көп таралған аурудың бірі болып отыр.

Харрис респираторлық инфекциялардың таралу ауқымы қыс мезгілі үшін қалыпты деңгейде екенін баса айтты.

Адам метапневмовирусы алғаш рет 2001 жылы анықталды. Маргарет Харристің сөзінше, бұл вирус әдетте суық тиюге ұқсас белгілерге ие, бірақ басқа респираторлық инфекциялар сияқты иммунитеті төмен науқастарда, нәрестелерде және егде жастағы адамдарда ауыр өтуі мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі метапневмовирустан көз жұмғандар үлесі "өте төмен" екенін айтты. Мамандар қарапайым алдын алу шараларын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу