Метеорологиялық қызметтің бірыңғай нарығы құрылады

1065

Осыдан 5 жыл бұрын ЕАЭО ауа райы болжамы және метеорология қызметін ырықтандыру жоспарын қабылдады. 

Метеорологиялық қызметтің бірыңғай нарығы құрылады

Құжат ЕАЭО елдерінде метеорологиялық қызметтің бірыңғай нарығын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ЕАЭО шеңберінде көрсетілетін қызметті ырықтандыру ауа райын болжау және метеорология саласындағы қызметті жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік емес өндірушілеріне Қазақстан аумағында осындай қызмет көрсету мүмкіндігін ұсынады. Атап көрсетерлігі, қазақстандық қызмет көрсетушілер де ЕАЭО-ға мүше елдерде дәл осылай әрекет ету құқығына ие. 
"Қазгидромет" РМК қызметін қоспағанда, еліміздегі метеорология қызметі бәсекелестік ортаға берілді. Бәсекелес ортаға қатысушылар – метеорологиялық ақпаратты өндірушілер – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі және меншік құқығында жоспарланған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдық пен өлшеу құралдары, сондай-ақ білікті қызметкерлері болуға тиіс. Осы шарттар сақталса, жеткізуші метеорологиялық ақпаратты өндірушілердің тізіліміне енгізіледі.

Мемлекеттік емес метеорологиялық ақпарат өндірушілер алынған метеорологиялық ақпаратты өтеусіз негізде ҚР ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне ұсынуға міндетті. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу