Алматыда ауа райы күрт суытады

790

Алматыда алдағы күндері қар жауып, 13 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.  

Алматыда ауа райы күрт суытады

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қара теңіз аймақтарынан үлкен антициклон келеді. Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында 17 ақпанда антициклонның ауысуына байланысты қар жауын-шашыны тоқтап, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

"16 ақпанда Алматыда күн бұлтты болады, кейде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -6 -8, күндіз -4 -6 аяз болады. 17 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман, көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз -5-7 аяз болады. 18 ақпанда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз -2-4 аяз болады", – деп хабарлады Алматы қаласы бойынша "Қазгидромет" РМК-де.

Сондай-ақ алдын ала болжамға сәйкес арғы күндері Алматыда жауын-шашын болмайды. 21 ақпан, дүйсенбіден бастап ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу