Алматыда метро салынуына байланысты Наурызбай ауданында Әшімов көшесінен төмен қарай жер телімдері сатып алынып жатыр.
"Былтыр бағалау жұмыстарын жасап, желтоқсан айында ақшаларыңызды аласыздар, деді. Бірақ ол кезде бермеді. Енді мамырдың 10-ы деп еді, тағы жоқ. Сізден сұрайтынымыз – осы сұрақты тезірек шешіп берсеңіз", – деді Наурызбай ауданы тұрғыны.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша аталған жер телімдерінде өткен апта бағалау жұмыстары жүргізілген.
"Енді әрқайсыңызды жеке шақыратын болады. Тиісті шартқа қол қоясыздар. Қаражат бар. Маған енді осы қол қойған қағаздар керек. Одан кейін бірден төлеп береміз. Мен алдында мамыр айының соңына дейін сатып алатын жерлердің сұрақтарын шешіңдер деп тапсырма бергенмін", – деді қала әкімі Ерболат Досаев.