"МФО "Эверест Финанс" ЖШС микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

1004

"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 23.12. №12 бұйрығымен  "Микроқаржы ұйымы "Эверест Финанс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған. 

"МФО "Эверест Финанс" ЖШС микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды Фото: ForumDaily

Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап, inbusiness.kz жазады. 

"МҚҰ қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін дұрыс көрсетпегені, кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектісінен алынған анық емес мәліметтерді ұсынуы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 293-бабының, №8 Қаулының[1] 10-тармағының және Қазақстан Республикасы "Микроқаржылық қызмет туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 1-2) тармақшасының талаптарын бұзуына жол берген" делінген ақпаратта.

"Микроқаржылық қызмет туралы" Заңға сәйкес Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы ұйымы өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Ескеру керек, микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар аталған ұйымның клиенттері, ұйым алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін, микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады.

"Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметті Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру лицензиядан айыру үшін негіз болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу