mGov жаңартылған мобильді қосымшасы тамызда іске қосылады

1256

Мобильді қосымшадағы қолжетімді қызметтер тізімі апта сайын жаңартылатын болады.

mGov жаңартылған мобильді қосымшасы тамызда іске қосылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов биыл тамыз айында mGov жаңартылған мобильді қосымшасын енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта mGov мобильдік қосымшасында 21 жаңа қызмет пен сервис қосылып, көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 77-ге жетті.

"Бұл қосымша мемлекеттік қызметтерді алудың негізгі құралына айналуы тиіс. mGov жаңартылған мобильді қосымшасында ХҚКО-тарының аса танымал қызметтері іске асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді алу үшін авторизация және сұрауға жазылу үшін Face ID пайдалану мүмкіндігі қарастырылатын болады",– деді вице-министр.

2018 жылғы желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында (4 фронт-офисте іске қосылды) пилоттық жоба іске қосылды, онда азаматтардың биометриялық деректері (бет сызықтары мен саусақ ізі бойынша тану) арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, мұнда 15 мыңнан аса қызмет алушылар тіркелген, 3 400-ден аса мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Қызметтер мен сервистер тізімін кеңейту, соның ішінде Mobile ID арқылы қол қою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ А. Оспанов бүгінгі күні Telegram-бот арқылы ең танымал қызметтер мен сервистердің 25 түрі қолжетімді екенін хабарлады. Бұл мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама, психо-, нарко-, туберкулезге қарсы диспансерлерден анықтама, кезекті онлайн-брондау, дәрігердің қабылдауына жазылу және т. б.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу